Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жобасы қайта жаңғыртылады

Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау жобасы қайта жаңғыртылады

«Байқоңыр қаласын сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта жабдықтау» жобасы әлі күнге шешімін таппай отыр. Бірнеше жылдан бері қалада бұл мәселе өзектілігін жойған емес. Істің созбалаңға салынуына мемлекеттік сатып алу конкурсынан кейінгі мердігерлердің өзара соттасуы себеп болуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов айтты. «Жобаның жүзеге асуына тиісті қаржы қаралған және партияның қатаң бақылауында. Сондықтан мәселе аяқсыз қалмайды» деді ол. Былтыр атқарылған жұмыстарды қортындылаған филиал төрағасы биыл жобаның қайта жаңғыртылатынын айтты. Аймақта «Жол картасы» бойынша былтыр өткізілуге тиіс іс-шаралардың 95 проценті нәтижелі болған.

Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аумақтық және аймақтық партиялық бақылау комиссияларының 86 отырысы өткізілді. Ол жерде нақты тұрғындардың тарапынан қойылып отырған талаптар қаралып, ұсыныстар берілді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы жаңа жолға қойылып, олардың өзара байланысы нығайып, тұрғындардың проблемалары үйлесімді жұмыстар арқылы шешілуде.