Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Май шығаратын зауыттың иісіне тұншығып отырмыз", - тұрғын

15.02.2024ж. 20:00
392
"Май шығаратын зауыттың иісіне тұншығып отырмыз", - тұрғын

Жамбылда кәсіпкер қойма саламын деп жергілікті тұрғындарды алдап, шемішкі май шығаратын зауыт тұрғызған. Жұртшылық жағымсыз иістен балаларымыз ауру болып жатыр деп шу шығарды. Олар ауыл сыртына көшіруді талап етуде.

Көктал ауылының тұрғындары алты жылдан бері таза ауамен тыныстаудан қалдық дейді. Айтуларынша өсімдік майын шығаратын зауыттан қолқаны қабатын иіс шығады екен.

Нұржамал АГАНАСОВА, КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Май зауытына рұқсат жоқ, бізден рұқсат сұраған жоқ жаңадан соғылып жатқан уақытта. Май шығарып жатқан уақытта иісі деген масқара енді. Денсаулыққа зиян балаларымыздың тамағы ауырады. Өзіміздің басымыз ауырады. Аллергия болып жатырмыз. Тамақтан, бронхыдан.

Гүлияш ЖАЙЛАУБАЕВА, КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына жердің ауасы прям басылып тұрады. Мүмкін емес. Фильтрлары жоқ ау деймін наверно.

Денсаулыққа зиян келіп жатқанын дәрігерлер де растап отыр. Балалардың науқастануы жиілепті.

Шахизада САМАЛ, ДӘРІГЕР-ПЕДИАТР:

Подтверждаю яғни растаймын зауытқа жақын орналасқан тұрғындарымыз, әсіресе кішкентай балаларымыз педиатр ретінде айтам жиі ауырады. Айына 3-4 мәрте жылда ауыратын балалар 4-6 рет ауыратын болса, бұл кісілер бір айда 2-3 рет обструктивті бронхитпен жиі ауырады.

Ал зауыттың өкілдері негізгі бөлік солтүстікте салынған дейді. Шикізаттың басым бөлігін Павлодардан келеді екен. Бұл жерде тек майды жоғары градуста қыздырып, соңғы сығатын сатысы ғана жүреді дейді. Десек те экологиялық талаптың бәрін сақтап, құжатымыз дұрыс деген кәсіп орын өкілі тұрғындар шулаған соң тұндырма фильтрлерін қоямыз деп отыр. Алайда бұл жобада жоқ екен.

Марат ЕСЕНБАЕВ, МАЙ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨКІЛІ

Бұған фильтр қоямыз деп отырмыз. Жаңағы ненің басына фильтр қойып, ауылдан былай кететіндей қылып. Оны ойластырып жатырмыз шынын айтқанда. Бір момент болатын нәрсе емес қой. Оған да қаражат керек пәленбай.

Жобаны қайта қараймыз деген аудан әкімдігі арнайы комиссия құрып, тексерісті бастамақ.

Қанат ТЕЛЕУОВ, БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Өзіміз келеміз. Комисия құрамыз. Комиссионның келіп кәсіпкердің өзін шақыртып, телефон нөмірі байланыстары бар бізде. Сөйтіп заңдылығының бәрін анықтаймыз.

Жағымсыз иіске тұншықтық деген тұрғындардың ендігі үміті осы комиссияда.