$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жетісу облысында 142 кг балық пен 6 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді

AstanaTV
16.02.2024ж. 12:04
1933
Жетісу облысында 142 кг балық пен 6 дана ақбөкен мүйізі тәркіленді

Жетісу облысының полициясы 1-29 ақпан аралығында «Браконьер» атты жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Атқарылған шаралар нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтың 175 дерегі анықталып, олар бойынша 2 қылмыстық іс қоғалып, 173 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Құқық бұзушылардан заңсыз ауланған 142 кг, балық, 6 дана (Ақбөкен мүйізіне ұқсас) мүйіз, 400 метр моножіптен тоқылған ау, 9 қару тәркіленіп, жалпы соммасы 912 мың 560 тенге айыппұл салынды. Оның 858 мың 390 теңгесі өндірілді. Мемлекетке келтірілген залал соммасы 922 мың 595 тенгені құрады. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу жұмыстары жалғасуда», – деп атап өтті өңірдегі полиция департаменті табиғатты қорғау тобының бастығы Бағлан Рымжанов.

Жалпы жыл басынан табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтың 351 дерегі анықталып, олар бойынша 5 қылмыстық іс қоғалып, 346 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.