Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Демалуға барып, табытпен қайтты": турист қыз жұмбақ жағдайда қаза тапты

AstanaTV
16.02.2024ж. 13:26
1944
"Демалуға барып, табытпен қайтты": турист қыз жұмбақ жағдайда қаза тапты

Египетке саяхаттаған қыздың қазасына 5 жыл толса да, өлімінің құпиясы ашылмады. Оқиғанық қалай өрбігені туралы Bugin.kz хабарлайды.

Ашық-жарқын, әдемі, өзіне сенімді Вроцлав қаласында (Польша) тұратын Магдалена Жук 27 жаста еді. Ол мансабында тамаша жетістікке жетіп, косметология саласында жеке бизнесін жүргізеді. Жеке өмірінде Маркус есімді жігітпен үйлесімді қарым-қатынас орнатады.

Олар аз уақытта үйленуге шешім қабылдайды. Ал оған дейін бірге демалысқа бармақ болады. Магда сүйіктісін таң қалдырып, туған күніне Мысырға саяхаттауға 2 билет сатып алады. Маркустың төлқұжатының мерзімі аяқталуға жақын болғандықтан, ол мысырға бара алмайды. Мысыр заңы бойынша Маркусқа ұшуға рұқсат етілмеді.

Жастар қомақты ақша жоғалтқысы келмейді. Магдаленаға жартылай әкесі көмектескен еді. Билетті сауға тырысқанынан түк шықпайды. Маркус Магдаленаны жалғыз баруға көндіреді. Магдалена ақшасы күйетін болғандықтан оған көнеді.

Қыз келісіп ұшаққа отырады. Ұшақта ол демалысқа жалғыз аттанған тағы бір бойжеткенді кездестіреді. Олар бір-бірімен серіктес болып саяхаттауға келіседі.

Олар Қызыл теңіздегі Марса Алам курорттық қаласына келді. Алғашқы демалыс күні жақсы өтеді. Екі әйел бассейннің жағасында демалып, әңгімелесіп, шарап ішті. Бірақ кешке қарай Магдалена өзін біртүрлі ұстай бастайды. Ол себепсіз күледі, оғаш қимылдар жасайды. Әр минут сайын көршісінен Маркустың қайда екенін сұрайды.

Ол өзін жайсыз сезініп, кетіп қалады. Түн жақындаған кезде Магда отбасына хабарламалар жіберіп, олардың бөлмесіне қашан келетінін сұрай бастайды. Ол туыстарын дәл сол қонақүй аумағында жүргендей сезінеді.

Келесі күні қыз Маркусқа қорқатынын жаза бастайды. Оның бөлмесіне біреу кіріп, оны ренжітеді деп қорқады. Ол сондай-ақ дауыстар мен дыбыстарды естиді. Оларды кім жасап жатқанын түсіне алмайды.

Бұған алаңдаған Маркус қонақүйге хабарласып, оның сүйіктісіне қарауды сұрайды. Бұл кезде Магданың мінез-құлқы мүлдем нашар болды. Ол айқайлап, жылап, дәлізде жүгірді, оған не болып жатқанын ешкім түсінбеді. Басқа қонақтар қызды өз бөлмесінің есігінде бұралып жатқанын көргенде, қорқып кетті. Ал әкімшілік түбегейлі шаралар қабылдады. Поляк әйел телефонын өшіріп тастағандықтан, олар оның туыстарымен байланыса алмады.

Туристік агенттік тағайындаған гидті шақыру туралы шешім қабылданды. Махмұд поляк тілін білетін гид еді. Ол әйелмен сөйлесе алады.

Келесі күндері Магданың жағдайы нашарлайды. Ал Махмуд оны ауруханаға апаруды ұйғарады. Бірақ жергілікті дәрігерлер шетелдіктің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деп шешім қабылдайды. Әрі олар психиатриялық ауруларға маманданбағанын айтып, Магдаленаны ауруханаға жатқызудан бас тартады.

Маркус мәселені қашықтан шешуге тырысып, Магдаға кері билет алады. Махмуд оны әуежайға әкеледі, бірақ қызды ұшаққа отырғызбайды. Содан кейін гид телефонынан Маркусқа бейне қоңырау шалып, телефонды Магдаға берді. Бұл Жуктың тірідей соңғы рет көрінуі еді. Ол әбден езіліп, стрестік хәлде сөйлеседі. Оны қонақүйлергеапарғанмен, қабылдамай қояды.

Ешқандай қонақүй қабылдамаған оны бір емхана қабылдайды.

Магданың ата-анасы мен жігіті ауруханада бақылауда болады деген үмітпен біраз тынышталады.

Бірақ үміт ақталмайды. Қыз қайтадан күшеніп, айналасындағы адамдарға шабуыл жасайды. Оған ешқандай тыныштандыратын дәрі әсер етпейді.

Айқайлап, зат лақытрған оны амалсыз байлауға тура келеді. Бірақ ешқандай психотроптық дәрі берілмейді.

Түнде ол кезекші медбикеден дәретханаға бару үшін оны шешуін өтінеді. Байлауынан босаған Магда бір секундқа ойланбастан терезеге қарай жүгіреді де, екінші қабаттан секіреді. Ол бетон бетіне құлайды. Ал бірнеше сағаттан кейін ол өмір сүйруге мүмкіндік бермейтін жарақаттан қайтыс болады.

Магданың өлімін анасына хабарланғанда, әйел инсульт алады. Мысыр билігі Жуктың өлімін өз-өзіне қол жұмсау деп жариялағандықтан, Польша жұртшылығы қатты күйзелді. Бірақ поляктар бұл түсініктемемен мүлде келіспеді.

Сараптама кезінде қанда есірткі заттары, зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Тек құлау нәтижесінде алған жарақат болды.

  Египет жыныстық құлдық бар ел болғандықтан, көбі Магдалена құрбандардың бірі деген нұсқаны қолдайды. Арадан 5 жыл өтсе де бұл өлімнің құпиясы белгісіз.