Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Шымкенттегі бейнебақылау инспекторлары «егіз» көліктерді анықтады

AstanaTV
16.02.2024ж. 16:09
1392
Шымкенттегі бейнебақылау инспекторлары «егіз» көліктерді анықтады

Шымкентте ЖБО камералары қала жолдарында бірдей нөмір таққан екі Toyota Camry байқады. Оларды ұстап, мән-жайды анықтау үшін патрульдік полиция экипаждары шұғыл жетті. Бұл туралы Polisis.kz жазды.

Анықталғандай, жүргізушілер бір-бірін жақсы танитын достар болып шықты. Досының көлігін нөміріне дейін айна-қатесіз көшірген 37 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оның темір тұлпары айыптұраққа қамалды.

«Құқық бұзушы тек көлігінен ғана емес, жүргізуші куәлігінен де айырылды. Жалған нөмірлі машинаны тізгіндегені үшін енді ер адамның бір жыл бойы көлік басқаруға құқығы жоқ» - делінген ақпаратта.