$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Туризмнен 175 млрд теңге табыс түсті

16.02.2024ж. 20:00
1841
Туризмнен 175 млрд теңге табыс түсті

Былтыр елімізде ішкі туристер саны 5,5 млнға жуықтаған. Ал шетелден келген саяхатшылар 830 мыңнан асқан. Нәтижесінде отандық демалыс орындары 175 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 36 процентке көп. Бұған еліміздің 82 мемлекетпен визасыз режим енгізуі оң әсер еткен.

Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

14 күндік визасыз режим енгізілген соң Қытайдан келушілер саны 12 есе, Үндістаннан саяхаттаушылар 3 есе артты. Алдағы уақытта шекарадан кіріп-шығу кезінде е-виза, е-Қонақ бағдарламаларын қолдануға рұқсат беру жағын шешу керек.

Шетелдіктер Астана мен Алматыға жиі келеді. Маңғыстау мен Атырауға, Шымкентке баратындар да жыл санап артуда. Министрлік туристерге тартымды үздік 10 өлкені 20-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы орайда былтыр инфрақұрылымды дамытуға 31 млрд теңге бөлініп, 33 жоба іске асырылған. Биыл 289 млрд теңгеге 70 нысан жөнделмек.