$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы ғылымның дамуына серпін береді, - депутат

16.02.2024ж. 20:00
655
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы  ғылымның дамуына серпін береді, - депутат

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң жобасы ғылымның дамуына жаңа серпін береді. Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мүшелері аталған заңды талқылау барысында осылай деп пікір білдірді. Заң жобасы қазір Парламенттің төменгі палатасының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қарауында. Өзгерістер ғылыми қызметкерлердің мәртебесіне, олардың материалдық қолдауына әсер етеді. Сонымен қатар жоба ғылым, ғылыми-техникалық қызмет, коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін болады. Жеке бизнесті ғылыми қызметке қатысуға ынталандыру тетіктері де қарастырылған.

Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ғылым туралы заңның үлкен бір ерекшелігі – бұрын Үкіметтен Заң жобалары келетін, оған депутаттар ұсыныс беретін. Мына Заңда өте жақсы белсенділік және бәсекелестік болды. Біріншіден, депутаттар өздері дайындаған Заң жобасы бар. Екіншіден, Үкімет ұсынған Заң жобасы бар. Ендігі басты мәселе - осы екі Заңды бір - бірімен таныстырып, бітістіріп, шын мәнінде ғылымды өрге домалататын Заң жобасын жасап шығару.