Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қызылордада 10 жерге есірткі жасырған күдікті ұсталды

Қызылордада 10 жерге есірткі жасырған күдікті ұсталды

Қызылордада синтетикалық есірткі затына интернет арқылы тапсырыс қабылдап, сатумен айналысты деген күдікті қолға түсті. Ол Ақмола облысының 20 жастағы тұрғыны. Қызылордаға жымысқы әрекетін жүзеге асыруға келген жігіт қала аумағында 10 жерге тауарын жасырған. Ал қонақ үйдегі бөлмесін тінту барысында полицейлер тағы 3 дана полиэтилен пакетіне салынған сұр түсті ұнтақты тәркілеген. Оның психотропты зат екені анықталды.

Ардақ ДӨНЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұл 2024 жылы анықталып тұрған екінші факті.