$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Марат Тәжиннің тағайындалуының астарлары

AstanaTV
14.01.2017ж. 20:00
2237
Марат Тәжиннің тағайындалуының астарлары

Аптаның ортасында еліміздің Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Марат Тәжин Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті Бағлан Майлыбаев атқарып келген, босатылды. Саясаттанушы Досым Сәтпаев, тағайындауды былай түсіндіреді: 1. Ішкі саясаттың жүргізілу барысына Президенттің көңілі толмайды. Әсіресе өткен жыл оны анық көрсетті. Жерге байланысты митингілер мен келіспеушіліктер. Терактілер...Жыл басындағы тіркеу мәселесі... Көптеген шенеуніктер болжам жасай алмайды. Өздерінің іс-әрекетінің нендей нәтиже беретінін білмейді. Президент Тәжинді тағайындау арқылы сараптаманы, бастысы - болжам жасауды жақсартуды ойлап отыр. 2. Марат Тәжин билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобына куратор болады.

Досым Сәтпаев, саясаттанушы: 

Марат Тәжинді кері қайтаруда екі себеп бар деп ойлаймын. 1.Ішкі саясаттың жүргізілу барысына Президенттің көңілі толмайды. Себебі соңғы жылдары елімізде онша жақсы емес оқиғалар аз болған жоқ. Оның ішінде мемлекеттік құрылымдардың да кінәсінен. Әсіресе өткен жыл оны анық көрсетті. Жерге байланысты митингілер мен келіспеушіліктер. Терактілер... Жыл басындағы тіркеу мәселесі... Осының бәрі мемлекеттік аппараттың тиімсіз жұмыс істейтінін көрсетеді. Экономикаға, ішкі саясатқа байланысты бағдарламалар тиімсіз орындалады... Президент Марат Тәжинді қайтарып, әкімшілігінің жұмыс сапасын көтеруді қалаған сияқты. Сараптаманы, бастысы - болжам жасауды күшейтуді ойлап отыр. Өйткені көптеген шенеуніктер болжам жасай алмайды. Өздерінің іс-әрекетінің нендей нәтиже беретінін білмейді. 2-ші себеп: Президент билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобын құрды. Оған Президент әкімшілігінің жетекшісі куратор болады. Бірақ әлемдік және қазақстандық тәжірибе бойынша барлық «қара жұмысты» орынбасарлар істейді. Яғни бұл жұмысқа Марат Тәжин жетекшілік етеді деген сөз.