Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Бір жарым жасар бала белгісіз жағдайда қаза болды

AstanaTV
17.02.2024ж. 18:05
714
Бір жарым жасар бала белгісіз жағдайда қаза болды

Бір жарым жасар бала тамақтанып болған соң қаза болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқиға Ресейдің Новгород облысында болған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша, кешке 8 жасар қыз інісін тамақтандырған. Көп өтпей баланың тынысы тарылып, дем ала алмай қалған.

Әкесі жедел жәрдем шақырған, алайда дәрігерлер оның көз жұмғанын айтқан. Алдын ала болжам бойынша, сәби тыныс жолына тамақтың түсуінен қайтыс болған. Қазіргі уақытта тергеушілер істі тергеп жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.