Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

13 жасар қыз ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды

AstanaTV
17.02.2024ж. 20:16
858
13 жасар қыз ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды

Ауыр атлетикадан Қостанай қаласында өтіп жатқан ел чемпионатының екінші күнінде 2 салмақта жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды BasSport.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 жасар қыз ересектер арасында топ жарған.

Ерлер, 61 келі (олимпиадалық салмақ):

Алтын – Мақсат Қуантқан (Қызылорда облысы) — 263 келі (118+145)

Күміс – Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) — 254 келі (114 +140)

Қола – Ерназ Алпысов, ШҚО - 251 келі (110 +141)

Әйелдер, 55 кг:

Алтын – Ксения Прозорова (Алматы облысы) - 175 келі (80+95)

Күміс – Юлия Трошкина (Ақмола облысы) - 155 келі (72+83)

Қола – Нұрсыйла Берікбол (Ұлытау облысы) - 146 келі (64+82).

2010 жылы дүниеге келген Ксения Прозорова ересектер арасындағы алғашқы чемпионатында қарсыластарынан оқ бойы ұзап кетті.

Ешқандай демалыссыз еңбектенудің арқасында осындай жетістікке қол жеткіздім. Болашаққа деген үмітім зор. Ірі халықаралық додаларда топ жарып, әлемдік рекордтарды салуға бар күшімді саламын, — деді Ксения.