Бүгін таңғы 03:30 шамасында Қарағанды қаласында екі отбасына арналған тұрғын үйде жарылыс болды, - деп жазды KAZINFORM.
Нақтыланған ақпарат бойынша бу жылыту қазандығы жарылып, салдарынан тұрғын үйдің құрылыс конструкциялары бұзылған.
Өртке қарсы қызмет келгенге дейін №2 пәтерден 5 адам, оның ішінде 2 бала өз бетімен шықты.
ТЖД күшімен үйінді астынан ер адам шығарылып, медициналық жедел жәрдем бригадасына берілді.