Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді

AstanaTV
18.02.2024ж. 12:24
953
Петропавлда техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді

Петропавлда өрт сөндірушілер жанып жатқан техникалық қызмет көрсету стансасынан бес машинаны алып шықты.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 04:36-да 101 телефонына Петропавлдағы техникалық қызмет көрсету станциясының ангарында өрт шыққаны туралы ақпарат түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде бес қақпалы ғимараттың шатыры толық жанып жатқан. Күрделігі бойынша үшінші шақыру нөмірі жарияланды. 

Мамандар екіге бөлініп, бірі өрт сөндіруге кіріссе, екінші топ ангардан көліктерді шығарды. 

Жалпы өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 46 адамы және 14 техникасы жұмылдырылды. 

5 көлік өрт орнынан шығарылды.

Сағат 06.53-те техникалық қызмет көрсету стансасындағы өрт толық сөндірілді. 

Келген шығын мен өрттің шығу себебі анықталады.