700 мың шаршы метр аумақта 700 сериялық және 45 концептуалдық автомобиль қойылған көрме бүгін көпшілік қауымға есігін ашты. Детройтта. Жылдың дәстүрлі автосалондарының алғашқысы. Халықаралық мотор-шоу журналистер үшін өткен жексенбіде ашылған. Болжам бойынша көрмені 1 млн-нан астам адам тамашалайды.
Бұл шоуда 40 жаңа және жаңартылған үлгі көрсетілмек. Негізінен көрме өтіп жатқан АҚШ тұрғындарына есептелген. 2016 жылы бұл елде 17 жарым миллионнан астам автокөлік сатылған. Автоөндірушілер АҚШ-ң сайланған президенті Д.Трамп корпоративті салықты азайтып, отын үнемдеуге қатысты стандарттарды жұмсартады деп үміттенеді. Сонымен қатар қорқып та отыр. Себебі Трамп өндіріс ошақтарын АҚШ-қа қайтармаған және жаңа конвейр салудан қашқан концерндерге сырттан тасылатын машинаға салықты көбейтемін деп айтқан.
Енді бір ғана деталь – Toyota компаниясы Toyota Camry седанының жаңа генерациясын ұсынды. Бұл үлгі соңғы 15 жылда америка нарығындағы ең өтімді көлік. Алдыңғы панелдерінің линиялары «футуристік», жаңа мультимедиялық жүйе, орындықтары да жаңа. Сыртқы келбеті де өзгерген. Сарапшылар турбомотор болжаған. Бірақ ол жоқ. Бұл тұтынушы ретінде қызық жаңалық. Ал тұтынушылықтан «көтерілсек». Аsiarussia.ru порталының жазуына қарағанда Моңғолиядағы бүркітші Айшолпанның әкесі Нұрғайып сол жақтағы ұлттық арнаға сұхбат берген, сонда «біз Моңғолия өңірінде туылсақ та, қазақпыз... Десе де біздің ата-бабабыз осы өңірде туып-өсті. Сондықтан да мен осы жерде туғанымды мақтан тұтамын. Бізді Қазақстан азаматтығын алуға шақырған. Алайда бізді ол қызықтырмайды. Себебі менің туған жерім — Моңғолия», — дегенін келтіріпті. Тәкаппар, тылсым, дара Алтайдың адамдары.
2014 жылы Баян-Өлгий аймағына Ашер Свиденски (Asher Svidensky) есімді фотограф барып, әлемге Айшолпан туралы фоторепортаж береді. Оның артынша режиссер Отто Белдің жетекшілігімен америкалық компания ерекше бүркітші қыз туралы «Бүркітші» деген фильм түсіреді. Фильм былтыр қазан айында шықты. Әкесінің айтуынша, қазір олар Баян-Өлгий орталығынан 40 шақырым жердегі қыстауда отыр. 800 бас малы бар...
Манадан естіп отырғандарыңыз танымал
әнші Sia-ң бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы фильмге жазған саундтрегі
- «Қанатты періште» деп аталатын ән.(Sia - Angel By The Wings (from the movie "The
Eagle Huntress") Қазақтың қыздары осындай.