Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қазақстандық конькимен жүгіруші Канадада өткен турнирде рекорд орнатты

AstanaTV
18.02.2024ж. 20:27
1659
Қазақстандық конькимен жүгіруші Канадада өткен турнирде рекорд орнатты

Қазақстандық Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 1 000 метрге жүгіруде жеке рекорд орнатты. Бұл туралы Sports.kz жазды. 

Спортшы бұл қашықтықты 1 минут 15,24 секундта бағындырып, 13-орынға табан тіреді және жерлестері арасында үздік атанды. 

Жарысты Екатерина Айдова 14-ші (1:15.29), Инесса Шумекова 24-ші (1:18.57) орынмен аяқтады.

Канаданың Калгари қаласындағы жарыс 18 ақпанда аяқталады. Турнирде сарапқа салынатын төрт медаль жиынтығы қалды. Қазақстандықтардың ішінен жексенбі күні тек Айдова қатысады – ол 1500 метр қашықтықта сайысқа түседі.