Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақмола облысында өрттен ер адам қаза тапты

AstanaTV
19.02.2024ж. 10:29
488
Ақмола облысында өрттен ер адам қаза тапты

Ақмола облысында өрт салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысы Ақкөл ауданының Еңбек ауылында жеке тұрғын үйде 65 шаршы метр алаңда өрт болған.

Сағат таңғы 8:18-де өрт сөндірілген. Үйіндіні тазарту барысында өрт орнында 1966 жылы туған азаматтың денесі табылды.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.