Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Енді қазақстандықтар некеге тұрар алдында арнайы курстарға жіберіледі

AstanaTV
19.02.2024ж. 15:17
463
Енді қазақстандықтар некеге тұрар алдында арнайы курстарға жіберіледі

Отбасылық-тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы заң жобасы шеңберінде қалыңдық пен күйеужігітті курстарда оқытуды мақсат ететін түзетулер қарастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында мәлімдеді.

Егер түзетулер қабылданса, жастар некесін тіркемес бұрын бір айлық оқудан өтетін болады. Осы уақытта психологтар және менторлар жас жұбайлармен жұмыс істейді.

Әзірге курстың бағдарламасын кім әзірлейтіні, некеге тұратындар нені үйренетіні, курстар міндетті болатыны/болмайтыны белгісіз. Қазір ұсыныс қарастырылу кезеңінен өткізіліп жатыр.