$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақ анимациясы көрерменнің көңілінен шыға ма?

19.02.2024ж. 20:00
836
Қазақ анимациясы көрерменнің көңілінен  шыға ма?

Бала тәрбиесіне қатысты қоғамда тағы бір өзекті мәселе бар. Қазір көп баланың тілі ана тілінде емес, өзге тілде шығады. Бұған басты себеп -шетелдік мультфильмдерінің елімізде кеңінен таралауында дейді мамандар. Шынымен қазір теледидарға үңілген сәбилер не көріп жүр? Отандық анимацияның қазіргі деңгейі қалай? Тілшіміз айтады.
Жұлдыз Ингишева- көпбалалы ана. Ол балаларының қазақ емес, орыс, ағылшын тіліндегі анимациялық мультфильмдерді көретінін айтады.

Жұлдыз ИНГИШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазір енді шыны керек, ағылшынша, орысша, мультфильмдер көп шығады. Соған қарасты енді менің балаларымда ағылшын, орыс тіліндегі мультфильмдерді көп қарайды. Көбінесе орысша сөйлейді балалар. Үйде болса да, далада болса да балалар орыс тілінде көп сөйлейді.
Бұл- көңілге қаяу түсіретін жағдай. Еліміздің болашағы бүлдіршіндеріміздің өзге тілде былдырлағаны жанды ауыртады. Дегенмен, көпке топырақ шашпаймыз. Тілі ана тілінде шыққан, қазақша мультфильм көріп өсіп жатқандарды көргенде қуанасың.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Қазақша көреді, орысша көреді.
- Біз мультфильм көрмейміз мүлдем.
- Екеуін де көреді негізі. Қазақ тілінде бар ғой ертегілер. Қазір балаларды құртатын көп мультфильдер көп шығып кеткен ғой. Ата-ана ретінде тыйым саласыз ба? Оларға. Иә әрине. Бірақ жұмыста кезде көреді олар.
Шетелдің анимациялық мультфильмдері балалардың тек сөйлеуіне ғана әсер етіп жатқан жоқ. Ұлттық болмысты жоғалтып жатырмыз дейді ғалым Әбдіқадыр Бәлілұлы.
Әбдіқадыр БІЛӘЛҰЛЫ, ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ:
Шетелдік анимациялардың басым көпшілігі тәрбиелік жағынан бізге, жат. Жалпы бізге бөлек менталитетті бойымызға сіңіру, мұның барлығы біздің ұлттық кодымыз бар ғой соның кілтін таба білуіміз қажет. Олардың санасымен олардың дамуына ешқандай даму келтіріп жатқан жоқ.
Қазақ фольклорында аңыз ертегі көп. Олар идеологиялық тұрғыдан тәрбиелік құрал бола алатыны анық. Ондағы әрбір кейіпкердің батырлығы балалардың назарына ұсынылса, ұрпақтың рухани дамитыны анық. Былтыр қазақ анимация ұйымы 20 ға жуық мультфильм жасаған.
Батырхан ДӘУРЕНБЕКОВ , "САҚ" КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Бұл мәселені қалай дамытамыз десек, қазақ мультфильмдері көбірек шығу үшін оның сапасы дұрыс болу үшін оның қаржысыда қомақты болу керек деп ойлаймын. Өйткені бәрі сапаға байланысты ал сапаның мықты болуы, ол қаржыға байланысты. Осы мәселені дұрыс түсініп, қазір президентімізде айтып жатыр ғой. Креативті индустрияны дамыту қажет деп. Сол креативті индустрияның бір бөлігі кино мен анимация.
Қорыта айтқанда, қазақ анимациясына мол қаржы керек. Мультфильм-тәрбие құралы болған соң, бұл мәселеге салғырт қарауға болмас дейді мамандар.