Алматыда полиция майоры қызметтік көлікпен апатқа ұшырады.
Toyota маркалы екінші жол-патрульдік көлікке соғысқан. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Алматы қалалық полиция департаменті лауазымды тұлғаның мас күйінде болғанын растады. Алайда есірткі жөнінде ақпаратты нақтыламады.
Салтанат ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарының құрамынан жұмыстан шығарылды. Тағы да бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды. Жұмыстың бұл бағыты ҚР Ішкі істер министрлігінің қатаң бақылауында.