Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Өзбекстандағы қазақ боксшысы елге оралды

AstanaTV
19.02.2024ж. 21:29
965
Өзбекстандағы қазақ боксшысы елге оралды

Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатында қола жүлде еншілеген Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды BasSport.kz.

71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатыспақ.

Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен бүгін Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.

Айта кетейік, Қонысбеков былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен, бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.