$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Астанадағы Көктал-2 тұрғындары иттен қорқып, көшеге шыға алмай отыр

AstanaTV
20.02.2024ж. 20:00
951
Астанадағы Көктал-2 тұрғындары иттен қорқып, көшеге шыға алмай отыр

"Көшеге шығуға қорқамыз" дейді Астанадағы Көктал -2 тұрғындары. Айналада қаңғыған ит қаптап жүр. Балаларды да сабаққа жібере алмай отырған тұрғындар құзырлылардан көмек сұрайды.

Көктал 2 тұрғындары көшеде таяқ ұстап жүруге мәжбүр. Иттер баланы қойып, үлкендерге тап беретін болған. Бір қызығы, бұлар- иесіз емес, жануарлар орталығының мойнына чип салынған иттері.

Индира, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жүргізбейді, мынау өзімнің балам. Спорт комлексқа самбоға барады, таңертеңге мерзімдерде. Енді ол балам бара алмай отыр. Мама қорқам дейді. Иттер қуады. 1 ит 2 ит болса еш нәрсе етпес иттер топ- тобымен жүреді. Алтаудан, жетіден, сегізден. Көкталдың ішіндегі ағаштарда, 5-6 ит тығылып жатады

Қоршау деген аты болмаса, иттер орталыққа емін еркін кіріп-шығып жүр. Тұрғындар олардан ауру тарай ма деп те қорқады.

Талғат, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қазір 10-15 тен жүретін болды. Көшеге шығудан қалдық . Былтыр күзде мектептің алдында тапа-тал түсте, шешесінің көзінше кішкентай қызды талап кетті. Қазір міне көктем келе жатыр, иттердің ауруы басталады, құтырма тағы басқалар. Ал ол құтырма ит жүрсе не болады.

Қаңғыбас ит-мысықты қамап ұстайтын орталық бұл жерде 5 жыл бұрын ашылған.

Тұрғындар жылда осы мәселені көтереді. Ал биыл жағдай тіпті қиындаған. Ит пен мысық көшеде қаңғып кетті дейді. Жауаптылардың айтуынша, орталықта қазір шамамен 3000-нан астам ит пен 200-ден астам мысық бар.

Азамат ЕСЖАНОВ ҚАЛА, ӘКІМДІГІ "АСТАНА ВЕТСЕРВИС" КМК БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір аптаның ішінде мен уезвимый жерлерін тазалап тастаймын. Ең бастысы шелдердің барлығын бітеп тастау. Болды ровно бір аптаның ішінде, материалдардың барлығын занес. Дальше я, қазіргі таңда 4-ақ отловщик бар, бригада. Өздеріңіз білесіздер отловщиктің жалақысы төмен, оларды үйтіп-бүйтіп, суббота, воскресенье кешке жақын шығартып. Жалақысын көбейтіп.

Былтыр елордада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан. Қаңғыбас иттерге екпе салуға және зарарсыздандыруға 10 млн теңгеден астам ақша бөлінді. Әр жануарға 30 мың теңге жұмсалатынын ескерсек, бұл қаржы 360 итке ғана жетеді.