Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

300-ге тарта қазақстандық Түркиядан елге қайта алмай отыр

AstanaTV
10.01.2017ж. 20:00
1959
300-ге тарта қазақстандық Түркиядан елге қайта алмай отыр

Қалың қар мен тұманның кесірінен 300-ге тарта қазақстандық азамат Түркиядан елге қайта алмай отыр. Күн райының қолайсыздығына байланысты бұл елде мыңға жуық рейстер кейінге шегерілген. Дегенмен Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жергілікті уақытпен таңғы 5-те «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Астанаға шығыпты. Бортындағы 191 жолаушының 60-ы - Қазақстан азаматы. Сондай-ақ Стамбұл-Атырау бағытындағы әуе кемесі де жолға шығуы тиіс. Алайда табиғаттың тосын сыйына дайын болмай шыққан әуежай қызметкерлері олардың қауіпсіздігіне кепілдік бермей отыр. Жалпы Түркиядан Қазақстанға бет алған 700-ге тарта жолаушы екі күннен бері әуежайды торуылдап жүр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Стамбұл әуежайындағы күрделі жағдай әлі жалғасып отыр. Осы уақытқа дейін 600 адамды Қазақстанға қайтара алдық. Қазір 300-ге тарта азамат Стамбұл әуежайында. Олар қонақ үй және азық түлікпен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ өткен жылдың соңында тұманның кесірінен Шарджа және Дубай қалаларынан Қазақстанға уақытылы келе алмаған азаматтарға билет ақысы толықтай қайтарылатын болды. Инвестициялар және даму министрлігі бұл ретте Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдарына арнайы нота жіберіп, шыққан шығынды толық өтеуді талап етіп отыр.