$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Солтүстікте халық саны азайып барады

20.02.2024ж. 20:00
779
Солтүстікте халық саны азайып барады

Солтүстікте халық саны азайып барады. Бірден 22 процентке төмендеген. Мәселені шешу үшін бұған дейін оңтүстіктен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы іске қосылған. Бірақ нәтиже болмады. Елдегі халық санының үштен бірі – жастар. Орташа жас деңгейі – 32. Ал өмір сүру ұзақтығы 74-ке жетті. Әсіресе оңтүстік пен батыста оң динамика байқалады. Қалған үш аймақта адам аз. Қазір Сенат Көші-қон туралы жаңа заңды қарап жатыр.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда еліміздің демографиялық дамуына байланысты осындай мәселелер бойынша тиімді ведомствоаралық іс-қимылды арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл бағытта проблемалар да жоқ емес. Бүгін осы және басқа да мәселелерді қарастырамыз. Жалпы, елдің теңгерімді демографиялық дамуы бәсекеге қабілеттілік факторларының бірі.

Былтыр неке қиған отбасылардың саны 6 проценке азайған. Ажырасу деңгейі жоғары. Әрбір алтыншы отбасы бала сүйе алмай жүр. Мұның бәрі демографияға әсер етуі мүмкін.

Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Ажырасудың негізгі себептері – алкоголизм, ерлі-зайыптылардың біреуінің нашақорлығы – 61,7%, тұрмыстық зорлық-зомбылық – 51,1%, опасыздық – 47%, лудомания – 38,4%.