$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО тұрғыны 130 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

AstanaTV
20.02.2024ж. 22:45
1096
ШҚО тұрғыны 130 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Renault Sandero автокөлігінің жүргізушісі патрульдеу кезінде Самар ауылына кіретін жолда ұсталған, деп хабарлайды Altainews.kz.

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жалпы салмағы 134 келі болатын 7 қап рипус балығын заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды. Жүргізушінің рұқсат құжаттары болмаған. Келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айта кетейік, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады.