Әйел адам өз күйеуін жүріп бара жатқан көліктің астына итеріп жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазір әйелге қатысты сот үкімі шықты.
2023 жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген. Жәбірленуші М. алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, - делінген құзырлы органдар хабарламасында.
Сотталушы әйелдің қылмысы толық дәлелденіп отыр.
Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарының талаптарына сәйкес сотталушы К. қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай алкогольден масаң күйде қылмыс жасаған, - деді Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Өз күйеуін өлтіргені үшін әйел енді 10 жылын темір торда өткізеді.