Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда бала ойын-сауық кешенінің шахтасына құлап кетті

AstanaTV
21.02.2024ж. 11:14
519
Алматыда бала ойын-сауық кешенінің шахтасына құлап кетті

Алматыда алты жасар бала ағаларымен бірге ойын-сауық кешенінде батутта көңіл көтеріп, жасырынбақ ойнап жүріп, шахтаға құлап кеткен, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әбдірахманның ата-анасы сегіз жыл күткен ұлынан айырылып қала жаздады. Бала «Аватария» ойын-сауық кешенінде шахтаға құлап, жарақат алған. Оның екі аяғының саусақтарын сынды. Миы шайқалып, қолтық астындағы бұлшықеттеріне зақым келді. Ол бір ай бойы жүре алмай, мүгедектер арбасында отырды.

Бала бірнеше қабатқа ұшып, медициналық орталықтың шатырына құлапты. Оған алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетілген.

Ойын-сауық орталығының өкілдері барлық шығынды, соның ішінде өтемақы төлеуге дайын екендерін айтқанымен, жәбірленушілер тым көп ақша сұраған көрінеді.

Әрине, біз ата-аналардан кешірім сұраймыз, бірақ бұл іс әлі жалғасуда. Иә, бұл техникалық бөлме. Яғни, біз аздап қадағаламадық, – деді компания өкілі Елена Ким.

Іс бойынша полиция жұмыс істеп жатыр.