Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Өскеменде 62 көшенің тұрғындары жарықсыз отыр

21.02.2024ж. 20:00
556
Өскеменде 62 көшенің тұрғындары жарықсыз отыр

Өскеменде 62 көшенің тұрғындары жарықсыз отыр. Қалалық әкімдіктің табалдырығын тоздырған тұрғындар мардымды жауап болмаған соң "AMANAT" партиясының облыстық филиалына жүгінді. Осылайша, көшелердің жарықтандыру жүйесін бақылайтын «Digital Security» серіктестігінің мамандары тексеру жүргізді. Айтуларынша көшедегі жұмыс істемейтін шамдар саны 2000-ға жуық. Сонымен қатар желілік жүйелердің дені Кеңес Одағы кезінде жер астында қалып қойған.

Ринат БУТОДЖАНОВ, КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ- ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз жағдайды толық зерттедік. Жұмысты алған жаңа компания техникалық тексеру жүргізді. Ауа райы жақсарған соң жер асты кабельдік желілерін қалпына келтіреді.

 Мамандар жарықты қалпына келтіру жұмыстары алты ай уақыт алатынын айтады. Алайда, партиялықтыр мұнымен келіспейді. Тиісті шаруаны 3 айда аяқтап, 62 көшені жарықтандыруды толық қалпына келтіру керек деді. Мәселе бақылауда болады.

Владимир ГРИЦАЙ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Ай сайынғы жоспар әзірленіп, ол облыс әкімдігі деңгейінде бекітілген. Жұмыс барысын ай сайын бақылап отырамыз.