Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағанды облысында төрт ауылда карантин жарияланды

21.02.2024ж. 20:00
507
Қарағанды облысында  төрт ауылда карантин жарияланды

Қарағанды облысында төрт ауылда карантин жарияланды. Жылқының эпизоотиялық лимфангит ауруы Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарында анықталған. Үміткер, Үлгі, Төрткөл, Ынталы ауылдарында жағдай ушығып тұр. Мамандар тексеруінен кейін өңірде 180 малдың көзі жойылған. Тағы 10-ы оқшауланды. Жылқыны сойып, еті мен сүтін сатуға және қолдануға тыйым салынды. Эпизоотиялық лимфангитке шалдыққан малдың денесін ірің жайлап, жүріп-тұра алмай қалатын көрінеді. 

 Ержан БЕКЕТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

«Бүгінгі күнде карантиндік іс шаралар Үміткер селолық округі бар ұлғайтып жаңағы Үлгі, Төрткөл бөлімшесіне қойып жатырмыз. Малдың бәрі өрісте болғаннан жылқы малы болғандықтан өрістегі малға карантиндік іс шара жүргізіледі».