$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Ресторанға барып тұрамыз". Қарттар үйінде танысқан қариялар отбасын құрған

AstanaTV
22.02.2024ж. 11:29
1006
"Ресторанға барып тұрамыз". Қарттар үйінде танысқан қариялар отбасын құрған

Шымкенттегі қарттар үйінде ата мен әже шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

80-нен асқан қариялар қарттар үйінде танысып, 5 ай бұрын отбасын құруға шешім қабылдаған.

Қашымбек Мұсақұлов пен Салтанат Ешанқоджаеваның таныстығы Шымкенттегі қарттар үйінде басталған. Бір бүтін болған ата мен әже бақытты өмір сүріп жатыр.

Қалыңдық №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны болғанына 10 жылдан асқан. Ол жолдасымен таныстығын әлі күнге дейін ұмытпаған.

"Ана жерде отыр едім. Маған келіп, сені ұнатып қалдым деді. Мен сенен үлкенмін ғой десем, ештеңе етпейді жасыңды бөлісіп аламыз деді", - дейді Салтанат Ешанқоджаева.

Қашымбек Мұқақұлов та "махаббат болуы керек" деп санайды.

"Сыйластық болған соң, махаббат болады ғой. Қалаға қыдырып барып қайтамыз. Қазір қар жауып шыға алмай қалдық. Ресторанға барып тұрамыз", - дейді отағасы.