Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қонаевта аға прокурор ұсталды

AstanaTV
22.02.2024ж. 22:08
715
Қонаевта аға прокурор ұсталды

Қонаевта Алматы облысы Балқаш ауданының аға прокуроры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде үш миллион теңге көлемінде пара алған мемлекеттік қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап отыр.

Біз 12 ақпанында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттері мен Бас прокуратураның жеке қауіпсіздік басқармасының бірлескен іс-шаралары аясында Қ.Сонабаевтың ұсталғанын растаймыз, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.