$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алаяқтар өздерін "сот орындаушымын" деп таныстырып, адамдардан ақша бопсалаған

22.02.2024ж. 20:00
605
Алаяқтар өздерін "сот орындаушымын" деп таныстырып, адамдардан ақша бопсалаған

Соңғы кезде өзін "Әділет министрлігінің өкілімін" немесе" жеке сот орындаушымын" деп таныстыратын алаяқтар пайда болған. Адамдарға хабарласып, "Сіздің берешегіңіз бар, дереу төлеңіз"деп банк шотын жібереді. Оған сенген жүздеген адам сан соғып қалған. Мамандар жеке деректеріңізді ешкімге бермеу керек дейді. Қарызыңыз бар, банк шотыңыз бұғаттаулы деп хабарласқандарға бірден сене кетпей, ақпараттың рас-өтірігін анықтап алған дұрыс.

Талғат УӘЛИ, ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Соңғы кездері алаяқтар әртүрлі тәсілдерді қолдана бастады. Көп адам ақпараттың рас өтірігін тексермей алаяқтарға ақшаны аударып жібереді. Көбіне зейнеткерлер мен жас балаларға, студенттерге хабарласады. Өздеріңіз білетіндей алаяқтардың көбі шетелде отырады. Соған байланысты оларды ұстауда едәуір қиындық барын әріптестерімізден біліп жатырмыз.