$494.87 €520.65 ₽4.91
×

“Су астындағы зират”: 128 адамның өмірін жалмаған кеме апаты

AstanaTV
23.02.2024ж. 00:09
980
“Су астындағы зират”: 128 адамның өмірін жалмаған кеме апаты

Осыдан 123 жыл бұрын, яғни 1901 жылы “Рио-де-Жанейро” кемесі Сан-Франциско шығанағына батып кетті. Тарихшылар адам шығыны көп болғандықтан, "Алтын қақпаның Титанигі" деп санаған. Bugin.kz тілшісі бұл материалда осы тарихи оқиғаның өрбуіне тоқталады.

Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын, 21 ақпанда, түнде “Алтын қақпа” деп аталатын көпір маңындағы Форт-Пойнтта ауа райы тұманды болды. Сол себепті кеме капитаны Уильям Уорд зікірді Клифф-Хаусқа жақын Сан-Франциско жағына тастайды.

Ал 22 ақпанда “Рио-де-Жанейро” кемесі Сан-Францискоға барар жолда қалың тұманның кесірінен Форт-Пойнттағы бұғаздың оңтүстік бағытындағы жартастарға соғылды.

Кеме бортындағы 210 адамның тек 82-сі ғана итальяндық балықшылардың экипажымен ғана аман қалады. Ал 128 жолаушы өмірден өткен еді.

Экипаждағы жолаушылардың көбісі Жапония мен Қытайдан келген иммигранттар болды. Олар палубалардың астында, өз кабиналарында ұйықтап жатқан кезде қаза тапты.

Жолаушылардың көбісі төмендегі кабиналарда қамалып қалып, денелері сол күйі табылмады. Теңіз тарихшысы Джеймс Дельгадо апат болған жерді “су астындағы зират” деп атады.

Сол кезде құтқару қайықтарының түсуіне экипаждағы қытайлықтар мен американдық офицерлердің бір-бірінің тілін түсінбегені себеп болған. Кеме 1878 жылы су өткізбейтін қалқандар пайда болғанға дейін жасалған еді. Рифке соққаннан кейін 8 минуттан соң 320 фут тереңге батып кеткен.

Кеме капитаны Уильям Уорд кемемен бірге суға батып, бірнеше айдан кейін сүйегі табылған. Уорд пен тірі қалған екінші капитанға ісіне немқұрайлы болғаны үшін кінә тағылады.

2014 жылдың қараша айынды “Рио-де-Жанейро” кемесі қашықтан бақылайтын су асты аппараттарының көмегімен Сан-Франциско шығанағынан 287 фут тереңдіктен табылды. Мұхиттар мен атмосфераны зерттеу орталығының ғалымдары батып кеткен кеменің үшөлшемді және гидролокациялық суреттерін дайындады.