Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Екпе алмаған бала үшін балабақша жауап береді

AstanaTV
23.02.2024ж. 10:00
530
Екпе алмаған бала үшін балабақша жауап береді

Денсаулық сақтау министрі екпе алмаған балалар үшін балабақшаларды жазаға тартуды ұсынды. Ата-аналар ашық интернет көздерінен түрлі ақпаратты оқып, міндетті медициналық екпелерден үркіп жүр, дейді. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.

Мектепке дейінгі орталықтарға қызылша мен паротитке қарсы вакцина екпеген балақайды тәрбиешілер кіргізбеу керек. Бұлай етуге олардың толық құқығы бар. Ал бұл жүйемен жұмыс істемегендерге айыппұл салынбақ.

Министр осылай балаларға уақытында екпе салуды біріздендірмек.

Ақмарал Әлназарова бұл шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығы мен болашағы үшін жасалып жатқанын алға тартып, екпеден қорықпауға шақырады.