$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шахта опырылып, 15 адам мерт болды

AstanaTV
23.02.2024ж. 11:15
795
Шахта опырылып, 15 адам мерт болды

Венесуэланың оңтүстік-шығысындағы Боливар штатының Ангостура муниципалитетіндегі шахтасында апат болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ел президенті Николас Мадурның мәліметінше, оқиға салдарынан салдарынан 15 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ел президенті оқиға орнына барлық азаматтық қорғаныс бөлімшелерін жібергенін айтты.

Алдын ала тексерулер шахтадағы апат 30 метр тереңдікке ені 100 метрге дейінгі топырақтың опырылып түсуінен келіп шыққанын көрсетті.