$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары ірі қара мал алуы тиіс қаражатты басқа мақсатқа жұмсаған

23.02.2024ж. 20:00
492
Ақтөбеде шаруа қожалықтарының басшылары ірі қара мал алуы тиіс қаражатты басқа мақсатқа жұмсаған

Ал Ақтөбеде үш бірдей шаруа қожалығының басшысы алаяқтық жасады деп айыпталып отыр. Олар мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсаған. «Аграрлық кредиттік корпорация»-ның облыстық филиалы «Сыбаға» және «Агробизнес» мемлекеттік бағдарламасымен шаруашылықтарға несие берген. Ал қожалықтар 180 млн теңгеге мал алмай, оны басқаға жұмсаған көрінеді.

Өркен ЕЩАНОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болуына байланысты материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Олар бойынша ҚК 190 бабы 4 –бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қазіргі уақытта тергеу нәтижелері бойынша бір қылмыстық іс сотқа жіберілді. Екі іс бойынша тергеу жүргізілуде.