«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Ақтөбеде жеті ірі жоба жүзеге асырылды. 2027 жылға дейін тағы 56 нысанды іске қосу жоспарланған. Мұнай жабдықтары зауытында кен орындарына қажетті құбырлар, бұрғылау мен фонтанды арматуралар шығарылады. Еліміздің мұнай компанияларын отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр. Инвестициялық жоба құны -7 миллион доллар. Кәсіпорында екі жүзге жуық адам жұмыс істейді. Сондай-ақ, Заречный елдімекеніндегі емхана ғимараты, ұн комбинаты мен сүт өнімдерін шығаратын зауыт жаңғыртудан өтті. Биыл бес мектептің құрылысы басталады.
Рақымжан НИЗАМУДИНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарамасы 2023-2027 жылдарға Ақтөбе қаласына арналған жоспары 63 пункттен тұрады. Әр пункт жауапты облыстық қалалық маслихат депутаттарымен бекітілген. Жергілікті органдармен бірге жұмыс жасап жатырмыз. Жауапты депутаттар мониторинг жүргізіп, уақтылы орындалуын бақылауда ұстайды.