Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Qogamfin.kz сайты қарызға батқандарды құтқарады

Qogamfin.kz сайты қарызға батқандарды құтқарады

«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының цифрлық платформасын іске қосады. Енді кез келген қазақстандық Qogamfin.kz сайтында қаржылық сауаттылығын арттыра алады. Қарызы көбейіп, несиесін төлей алмай жүргендер жаңа ресурс арқылы қаржылық сауаттылығын арттырады. Сондай-ақ заңгерлер мен бизнес тренерлердің көмегіне жүгіне алады.

Еліміздің түкпір-түкпірінде жүріп жатқан «Қарызсыз қоғам» жобасы республикалық деңгейде ғана емес, интернет желісінде де кеңейіп келеді. Үйде отырып қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін жандар үшін Qogamfin.kz цифрлық платформасы құрылды.

Әлішер ӨМІРБАЕВ, ПЛАТФОРМАНЫ ӘЗІРЛЕУШІ:

Оқыту және дамыту, яғни, қаржылық сауаттылық пен кәсіби дағдыларды арттыруға арналған курстар мен материалдар. Екіншіден қаржы құралдары, яғни жеке қаржыны басқару және бюджетті жоспарлау құралдары. Үшіншіден, қауымдастық және желілік әрекеттесу, яғни пайдаланушылар арасында тәжірибе алмасу болады. 

Қарағанды облысында “Қарызсыз қоғам” жобасын “Amanat “ партиясының облыстық филиалы мен экономикалық тергеу департаменті бірлесіп жүзеге асырып жатыр. 

Қуат ІЗБАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазір өңірде ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Қаржы пирамидасына, алаяқтарға қалай алданбауды, ақшаны сауатты жұмсауды үйретеміз. Қазір алаяқтар жасанды интелект көмегімен алдау тәсілдерін де ойлап тауып жатыр. Мысалы, бір лауазымды адам ірі компания акцияларын сатады. Шын мәнінде бұл жалған видео. Осының барлығын айтып жеткізуге тырысамыз.

Әйгерім ӘБДІКӘРІМОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕР:

“Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында қатысып отырмын. Отбасылық бюджетті бірқалыпты, несиелерді, кірістер мен шығыстарды есептеуге. 5 күн ішінде мен өте жоғары білім алдым. Білмегендеріміз өте көп. “AMANAT” партиясыга үлкен рақметімді айтам”.

Қазір өңірде қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнероликтер кинотеатрларда да көрсетілуде. Сонымен бірге облыстық экономикалық тергеу департаменті осы кезге дейін азаматтардың қаржылық құқын бұзатын 9 жүз сайтты бұғаттаған. Тағы 21 қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді.