$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте төрт түліктің етін бөлшектейтін орындарда санитарлық талап мүлдем сақталмаған

Шымкентте төрт түліктің етін бөлшектейтін орындарда санитарлық талап мүлдем сақталмаған

Шымкентте төрт түліктің етін бөлшектейтін орындарда санитарлық талап мүлдем сақталмаған. Тіпті кейбірінде кеміргіштер тайраңдап жүр. Мұндай адам шошырлық көріністі ветеринарлық бақылау қызметінің өкілдері мен прокурорлар, полициямен бірлесіп өткізген рейд кезінде әшкереледі. Қоймаларда қара малдың басы бөлшектеп сатылатыны, арасында мал өлекселерінің де әкелінетінін айтып тұрғындар шағымданған. Тексеру тобы антисанитариялық жағдайға куә болды. Ғимарат іші өте лас. Жерге түскен етті егеуқұйрық емін-еркін кеміріп отыр. Қоймада жүргендердің айтуынша, тартылған бас еттері осы жерден қоғамдық тамақтандыру орындарына жіберілетін көрінеді. Бірақ, олар ет сату үшін тиісті құжаттарын көрсете алмады. Тексеру кезінде белгілі болғанындай, ет сегіз қоймада өңделеді.

Нартай АЙДАР, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Мына еттер ветеринариялық сараптамадан өту керек. Ешқандай ақау, жұқпалы аурулардың қоздырғыштары жоқ па?.. балғындығына сараптамадан өтіп, тексеріледі.

Прокуратура мәліметінше, бұл пунктті төрт түрлі кәсіпкер басқарған. Әрқайсысына айыппұл салынған. Тәркіленген ет жойылады. Қазір қоймаларға мөр басылды. Осы жерден шыққан ет әрі қарай нақты қайда сатылғаны да анықталып жатыр.