$494.87 €520.65 ₽4.91
×

1 милиард электрондық пошта бұғатталды

23.02.2024ж. 20:00
613
1 милиард электрондық пошта бұғатталды

Елімізде кибершабуылдар екі есе көбейген. Салдарынан 1 милиард электрондық пошта бұғатталды. Хакерлердің қылмысынан көбінесе үкімет, өндіріс және кәсіби секторлар зардап шегеді. Ақпараттық технология дамыған сайын, киберқауіпсіздік мәселесін де жіті бақылауда ұстау қажет дейді мамандар. Сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін сақтау үшін заңға өзгерістер енгізілгенін айтады.

Ырысты ЖӘЛІЛХАНОВА, ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Заңның шеңберінде бірнеше түзетулер бар. Яғни нақты кибер қауіпсіздікке бағытталған. Институт ретінде хакерлер институтын заңнамалық бекіту,ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушілер болып табылады. Белгілі бір компанияда дербес деректердің заңсыз жайылған жайы болса, онда олар міндетті түрде министрлікті хабардар ету керек болады.

 Айта кетейік, 2001 жылдан 2022 жылға дейін хакерлерден зардап шеккендердің саны 6- дан 97 ге дейін өскен. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі деректерді ұрлауға бағытталған 400-ден астам зиянды қолданба табылды. Компьютерлерді зиянды вирустарға, желілік құрттарға және трояндарға қатысты 3 мыңға жуық жағдай тіркелген.