Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады

AstanaTV
23.02.2024ж. 20:00
331
Қазақстанда  әрбір үшінші отбасы ажырасады

Қазақстанда әрбір үшінші отбасы ажырасады. Былтыр 18 мыңға жуық неке бұзылған. Статистика алаңдатады. Сондықтан мамандар шаңырақ көтермес бұрын жастар арнайы курстан өтсе дейді. Бұл жас жанұяның жылуын сақтай ма? Тілшіміз айтады.

Айдана ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Қайда жүрсің? Үйге келмегеніне 2 күн болды. Тағы сол құрғыр ойынға бардың ба?
Е қойшееее саған тағы есеп беруім керек па?
Иә
Басымды ауыртпаш кетші \иттеріп жіберемін\
Бұл бүгінгі қоғамның дерті. Осындай жағдайдың кесірінен қаншама отбасы екіге айырылып жатыр.

Әлемде әрбір 13 секунд сайын бір отбасы ажырасады. Соңғы кезде елімізде де ажырасу көрсеткіші күрт өскен. Сарапшылардың зерттеуінше, жылына орта есеппен 140 мың отбасы шаңырақ көтерсе, оның 50 мыңы ажырасып кетеді екен. ГРАФИКА Ажырасудың түрлі себебі бар. Нашақорлық, тұрмыстағы зорлық-зомбылық, опасыздық пен құмар ойынға тәуелділік. ЗКТ: Ажырасуға арыз беретіндердің көбі -әйелдер. Олар ақылмен емес, эмоциямен әрекет етеді дейді психологтар. Әйелдің дені қазір өзі үшін өмір сүргісі келеді.

Махаббат НИЯЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ:

Көбінесе ажырасуға бастама көтеретін әйелдер, өйткені олар ерлердің дәстүрлі патриархалдық көзқарасына, сонымен қатар экономикалық тәуелсіздікке көнуге келіспейді. Үшінші мәселе – неке жасының күрт өзгеруі. Қазіргі таңда еркектер үшін некеге тұрудың орташа жасы – 27, ал әйелдер үшін 24 жас болып отыр. Отбасын кеш құру ажырасу санының артуына ықпал етіп отыр.

Ажырасу санын азайту мақсатында некені тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға отбасын жоспарлау және отбасылық бойынша консультация беру және оқыту жобасы қарастырылуда. Тренингке кез-келген жастағы адам қатыса алады.

Таңшолпан ЕРМАНОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІ ОТБАСЫ САЯСАТЫН ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Некеге өтініш берген азаматтарға, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық. Құқықтық сауакттылық, қаржылық сауаттылық және басқада отбасының мәселелері бойынша. Консультация беру оқыту жөнінде жоба басталған болатын. Тренерлерге нұсқаулық әзірленді және оқытудан өткізілді.

Пилоттық жоба наурыз айынан Астана және Шымкент қалаларында өз жұмысын бастайды.