Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Онда оқушыларға сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынған. Балалардың қауіпсіздігі, үш ауысымды мектеп, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қамтылған.