Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Астанада баспанаға мұқтаждар көп

AstanaTV
11.01.2017ж. 20:00
2185
Астанада баспанаға мұқтаждар көп

Астанада баспанаға мұқтаж жандар мен екі қолға бір күрек таба алмай жүргендердің саны жыл сайын артып келеді. Оның басты себебі - аймақтардан Астанаға ағылғандардың көп болуы. Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдаған Парламенті Сенатының депутаты Дархан Кәлетаев осылай деді.

Мұнан өзге тұрғындар жер телімі мен әлеуметтік жәрдемақы ала алмай жүргендерін айтып, көмек сұрай келген. Арасында құрылысқа ақшасын салған үлескерлер де бар. Сенат депутаты қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесетінін айтты.

Дархан Кәлетаев,  ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:


Қолымыздан келгенше, мына заңдылық жағы бар, мүмкін болса, жан-жақты қарап, партияның күшін пайдалана отырып, көмектесуге тырысамыз. Қала басшылығына да мен өз атымнан өтініш жасап, қолымыздан келгенді жасаймыз.