$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Өгей әкесінен таяқ жеген бала ауруханада жатыр

AstanaTV
23.02.2024ж. 18:00
828
Өгей әкесінен таяқ жеген бала ауруханада жатыр

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Сайрам ауданында ер адамның балаларды соққыға жығып жатқан видеосына қатысты түсініктеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Динара Зәкиеваның сөзінше, кеше осы жаңалықты ести сала Түркістан облысының прокуратурасына және өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Егембердиевамен байланысқа шыққан.

Қылмыстық іс қозғалды. Ер адам (өгей әке) ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір ұл бала ауруханада жатыр. Алдын ала берілген мәлімет бойынша ол үйінде күйіп қалған. Баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Бұл бала осы уақытқа дейін таяқ жеп келген екен. Тергеу амалдарының арқасында істің мән-жайы анықталып жатыр, - деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Instagram-дағы парақшасында.