Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

8 жасар қазақстандық егіз сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперді

AstanaTV
23.02.2024ж. 21:38
607
8 жасар қазақстандық егіз сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперді

Желіде 8 жасар қазақстандық егіз сандықшаға ақша жинап, әкесіне кіші қажылыққа жолдама әперген видеосы тарады. Жазылушылар @qonaq.hajj аккаунты иесінің бала тәрбиесіне тәнті болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Балалар жинақ сандықшасына (копилка) ақша салып, шыққан соманы әкелерін қажылыққа жіберуге жұмсамақ.

"8 жасар егіз жинақ сандықшасына ақша жинап, әкесінің арманын орындады", – делінген жазбада.

Видеодан осындай үлкен сыйлыққа әкесінің шынайы эмоциясы қандай болғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өздерінің қуанышты пікірлерін қалдырды.

"Неге жылап жатырмын? Мен ол жерде ешқашан болмағандай отырмын, бір ай бұрын ғана жүрдім", " Қандай керемет. Ең алдымен оның тәрбиесінің көрінісі, қандай керемет балаларды тәрбиелеген", "Осындай саликалы ұрпақ көбейе берсін", "Машаллах. Керемет", – деп жазды желі қолданушылары.

Пікір жазған жұрт балалар ата-анасын әрқашан осылай қуантып жүре берсін деп тілек білдірді.