Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Білім беру мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң қабылданды: Не өзгереді?

AstanaTV
24.02.2024ж. 09:00
631
Білім беру мен балалардың қауіпсіздігі туралы заң қабылданды: Не өзгереді?

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов құжатқа сәйкес қандай мәселелердің шешімін табатынын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңның қабылдануымен қандай проблемалар шешіледі?

Мектептер мен балабақшаларды қамтамасыз етпейінше көпқабатты үйлер салуға тыйым салынды.

Мемлекеттік мектептер мен колледждерді жекешелендіруге тыйым салынды.

30 жылдан астам пайдаланылған мектеп, балабақша және колледж ғимараттары әр 5 жыл сайын апаттылық қаупі бойынша тексеріледі.

Көпқабатты үйлердің терезелері арнайы қауіпсіздік механизмдерімен немесе құлыптармен жабдықталуы міндеттелді, бұл балалардың терезеден құлауының алдын алу үшін жасалды.

Білім беру ұйымдарының басшылары бекітілген штат саны шеңберінде штат кестесін өзгерте алады. Мысалы, директор орынбасарларының бірін қысқартып, орнына психолог, заңгер немесе дефектолог штатын қосуға мүмкіндік алады.

Колледждер мен мектептер ақылы қызметтерден түскен табысты өз дамуына жұмсауға құқылы.

Бірінші сыныпқа қабылдау үшін емтихан өткізуге тыйым салынды. Алты жастағы баланы емтиханмен іріктеу тиімсіз.

Сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында баланы кезекке қою және балабақшаға орналастыру, сондай-ақ білім саласы қызметкерлерін жұмысқа қабылдау және аттестаттау процестері бірыңғай ақпараттық платформа арқылы жүзеге асырылады.

Білім беру ұйымдарында діни және басқа зиянды ақпараттың таралуына жол берілмейді.

Сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануды шектеу туралы аранайы норма да жобаға енгізілді. Норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты. Бала телефонын мектепке әкеліп, үзіліс кезінде пайдалана алады. Бұл тұрғыда ешқандай шектеу жоқ. Сабақ кезінде бала тек оқумен айналысуы керек.

Білім беру ұйымдарын лицензиялау бойынша жаңа нормалар ұсынылды.

Біз қалалардағы бір заңды тұлғаның 5 мектеп ашып, бірақ бірінші мектепке ғана лицензия алып, қалдюғандары сол лицензия бойынша жұмыс істеп жүргендеріне куә болудамыз. Сондықтан, әрбір білім беру ұйымына бөлек лицензия алу, яғни әрқайсысында қажетті жағдай жасау бойынша норма енгізілді.

Заң жобасында әкімдіктердің жауапкершілігін бекіту туралы да бірнеше нормалар қарастырылып отыр. Сәйкесінше, әкімдіктердің білім сапасын қамтамасыз ету және маттехбазамен қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігі заңмен бекітілді.

Бәрі біле бермейді, бірақ қазіргі кезде балабақшаларды, мектептерді және колледждерді басқару, тағайындау, қаржыландыру және әкімшілендіру мәселелері әкімдіктердің қолында. Алайда, әкімдіктер білім сапасына заңнамалық тұрғыда жауапты болмаған.

РФМШ немесе БИЛ сияқты желілік мектептер туралы норма енгізілді. Біз Қ. Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер, Жәутіков атындағы IT мектептер және Абай атындағы гуманитарлық мектептердің желісін ашуды бастап едік 2020 жылдан . Оларға арнайы бір басты ұйымға барлық қызметті үйлестіруге, жалпы бағдарламаны енгізуге, кадрларды басқаруға, біліктілікті арттыруға және т.б. мүмкіндік беретін осындай норма енгізілді.

Колледждерге дуалды жүйе бойынша білім алушыларды өндірістік кәсіпорындарда практикадан өту кезінде ықтимал өндірістік жарақаттардан және тәуекелдерден ерікті негізде сақтандыру құқығын беретін норма қабылданды.

Ұлттық білім беру дерекқорынан қоғамға қажетті арнайы бір көлемдегі білім сапасы мен басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау бойынша норма қарастырылды. Жариялық керек.

Колледждердің лицензиялауын жеңілдету бойынша да норма енгізілді. Енді лицензияны біліктіліктер бойынша емес, жалпы мамандықтар бойынша берілетін болды.

Медицинанлық және педагогикалық мамандықтар бойынша онлайн форматта білім алуға шектеу енгізілді.

ЖОО-ларға дипломмен қоса түлекке алған құзыреттіліктері туралы қосымшаны беру құқығы қарастырылды.

Девиантты мінез-құлқы немесі мектепшілік есепте тұрған балаларды қосымша біліммен проактивті түрде (ата-аналарының өтінішін күпей ақ секциялар мен үйірмелерге) қабылдау туралы норма да енгізілді. Бұл маңызды.