Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қытайда көпқабатты үйдегі өрттен 15 адам қаза тапты

AstanaTV
24.02.2024ж. 11:39
534
Қытайда көпқабатты үйдегі өрттен 15 адам қаза тапты

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Нанкин қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдегі өрттен кемінде 15 адам қаза тауып, 44-і жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мэр Чен Чжичанның айтуынша, зардап шеккендерді тасымалдау үшін 32 жедел жәрдем жұмылдырылған. Ауруханаға жатқызылған адамдарды емдеу бағдарламасын әзірлеу үшін күйік, тыныс алу жолдары аурулары және психология салаларындағы мамандардан тұратын сарапшылар тобы құрылған.

"Оқиға салдарынан 15 адам қаза тапты, 44 адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуінің жағдайы өте ауыр. Ал тағы бір науқастың жағдайы қиын, 42 адам жеңіл жарақат алды", - деп келтіреді Guancha Нанкин басшысының сөзін.

Өртті сөндіруге және іздестіру-құтқару жұмыстарына 25 бірлік техника мен 130 адам жұмылдырылды.