Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Қарағандыда құтқарушылар өмірлерін қатерге тігіп, өрттен 66 газ баллонды алып шықты

AstanaTV
25.02.2024ж. 07:50
334
Қарағандыда құтқарушылар өмірлерін қатерге тігіп, өрттен 66 газ баллонды алып шықты

Қарағандылық өрт сөндірушілер өздеріне қауіп төндіріп, газ цистернасының жарылуына жол бермеді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Белгілі болғандай, ТЖД күшімен 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды.

Кеше сағат 16.19-да Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандағы автогаз құю станциясында көлемі 6 текше метр болатын металл сыйымдылықтағы газдың жануы орын алды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру жұмыстары қауіпсіздік ережелерін ескере отырып жүргізілді. ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өрт сағат 16.48-де оқшауланып, сағат 16.59-де сөндірілді. 66 газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өртке қарсы қызмет келгенге дейін контейнерде газ-ауа қоспасының тарсылы болды, кейін жеке құрылымның металл конструкциялары зақымдалған, - делінген ведомствоның хабарламасында.