$526.5 €611.64 ₽6.72
×

Алматыда тағы да жер сілкінді

AstanaTV
25.02.2024ж. 11:16
1068
Алматыда тағы да жер сілкінді

25 ақпан сағат 10:14 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 261 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.

МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 3 балл көлемінде сезілген.

Айта кетейік, соңғы төрт күнде алматылықтар 2-3 балл деңгейінде бес жер дүмпуін сезді.