Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Бірыңғай уақыт белдеуі. Бірқатар өңірде жұма намазын оқу уақыты өзгереді

AstanaTV
25.02.2024ж. 14:40
488
Бірыңғай уақыт белдеуі. Бірқатар өңірде жұма намазын оқу уақыты өзгереді

Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады.

Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты:

Сағат 13.00: Абай облысы;

Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;

Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;

Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;

Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;

Сағат 13.49: Атырау облысы;

Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;

Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.

Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған болатын.

Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір.

Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.