Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордада 78 хостелге жоспардан тыс тексеріс жүргізді

AstanaTV
25.02.2024ж. 17:11
399
Елордада 78 хостелге жоспардан тыс тексеріс жүргізді

Төтенше жағдайлар департаменті елордада 78 хостелге жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір айдың ішінде өрт қауіпсіздігін сақтамаған 377 жайт тіркеліп, кейбір үй-жайлар тұруға жарамсыз деп танылған. Сонымен қатар, 5 ойын сауық орталығында тактикалық оқу-жаттығу өткізілген. Мақсат – халық көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдай кезіндегі ережелерді қатаң бақылау.

Қазір бізде акция жүрі жатыр «Қауіпсіз сауда» деген. Бүгінгі таңда 5-тен астам ойын-сауық орталықтарында оқу жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Астана қаласы бойынша ТЖД қызметкерлерімен қазіргі таңда хостелдерде тексеріс жалғасуда. Тексеріс барысында кездесетін бұзушылықтар шығу жолдары жабық не болмаса темір торды терезеге орналастыру, - дейді Астана қаласы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мадияр Мырзагелдиев.